Мына дүние көктем сайын көктейді
Бұл бетте «Мына дүние көктем сайын көктейді» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Мына дүние көктем сайын көктейді,
Тағдыр адам мүмкіндігін шектейді.
Сені сүйіп өту үшін жалғаннан,
Жалғыз рет сүрген өмір жетпейді.
Бір-ақ рет сүрген өмір жетпейді,
Ал, табиғат қайта-қайта көктейді.
Адам шіркін қарбаласта сезбейді-ау,
Қадам сайын... бейіт жаққа беттейді.
Әр қадаммен бейіт жаққа беттейді,
Мән беруге, мұршасы оның жетпейді.
Бір-ақ рет сүретінім өмірді,
Күндіз-түні көкейімнен кетпейді.
...Жер бетіне жаңбыр жауса сіркіреп,
Көкейіме оралады бір тілек.
Аяулым-ау, саған жазған жырларым,
Көктем сайын көктер ме екен дүркіреп.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі