Арықтардан су ағады жосылып – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Арықтардан су ағады жосылып» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1122
Арықтардан су ағады жосылып,
Көктем таяу... сүйеніш қой осы үміт.
Үкіметі көшіп кеткен Алматы,
Құлазиды меніменен қосылып.
Басым қатып толқын-толқын ойлардан,
Мезі болған у-шуы көп тойлардан.
Достарыңның бірі сатқын, бірі жау,
Бұл күндері бақталасқа айналған.
Олар талай нұрлы істерден сырт қалды,
Аң-таң болып қарақұрым жұрт қалды.
Ертең тағы алыс елге аттанам,
Еске алмаймын, ойламаймын қырттарды.
Бұл қала үшін келіп кетер жан қиғым,
Сосын оның қас-қабағын аңдимын.
Үкіметі көшіп кеткен Алматы,
Көшесінде жалғыз қалып қаңғимын.
Мынау дүкен сатады тек қарулар,
Бомба қойған... атыс-шабыс, жарулар.
Кептелісте тізіледі көліктер,
Жол сұрайды асыққан кей арулар.
Әр күн сайын не сұмдықты есітті ел,
Сіресіп тұр құлыпталған есіктер.
Жын ойнаққа айналғандай кафеге
Селт етпейді суық қарап мешіттер.
Осындай бір тіршілік бұл арбасқан,
Жас баласы жағаңа кеп жармасқан.
Менің нәзік көңілімдей мұңайып,
Құлазып тұр қысқы Алматы қар басқан.
Үзік елес сол бір сырлы шақтардан,
Құстар үні естілмейді бақтардан.
Түніменен құлазиды Алматы,
Көшелері аршылмаған ақ қардан.
Жастық шақта талайлармен достасқан,
Вокзал мынау қимай тұрып қоштасқан.
Кесіп-кесіп, бөліп алған барлығын,
Бұл шаһардан жер таппайсың бос жатқан.
Басым ауған жаққа тартып барамын,
Баласы едім кеше ғана даланың.
Тұрғынымыз бұл күндері, қарағым,
Үкіметі көшіп кеткен қаланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арықтардан су ағады жосылып өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Арықтардан су ағады жосылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арықтардан су ағады жосылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арықтардан су ағады жосылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері