Жаратушым мені еркін – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жаратушым мені еркін» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1514
Жаратушым мені еркін жүрсін деген шығарсың,
Бұл өмірдің қадірін білсін деген шығарсың.
Анамды алып... жылап ап, күрсін деген шығарсың,
Асу бермес биікке ұмсын деген шығарсың.
Қиянатқа осынау төзсін деген шығарсың,
Махаббаттың қадірін сезсін деген шығарсың,
Таңғажайып дүниені кезсін деген шығарсың,
Жалған достан біржола безсін деген шығарсың.
Шын сүйді ғой сүйгенін жазсын деген шығарсың,
Шоқай жолын екшелеп қазсын деген шығарсың.
Жағда шалмен сырласып қалсын деген шығарсың,
Сыбағасын өмірден алсын деген шығарсың.
Дүниені шарлап бір қайтсын деген шығарсың,
Жүрек сырын жыр етіп айтсын деген шығарсың.
Қазақ қызын ес-түссіз сүйсін деген шығарсың,
Көңіліне бір мұңды түйсін деген шығарсың.
Ақ қағазға дастан ғып құйсын деген шығарсың,
Сол сүйгенін өзгеге қисын деген шығарсың.
Жаратушым көңілде, жүрегімде тұрарсың,
Көз жетпейтін көкжиек, қол жетпейтін шынарсың.
Менің мұңлы, у-шулы өмірімде тұрарсың,
Сәл жұмбақтау, қайғылы өлімімде тұрарсың,
Соңғы минут, соңғы сәт көңілімде тұрарсың,
...Терең ұққан жас ұрпақ өксіп-өксіп жыларсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаратушым мені еркін өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жаратушым мені еркін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаратушым мені еркін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаратушым мені еркін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері