Қор – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Қор» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ошаққа от лаулатып,
Май шайқап,
Құрт қайнатып,
Әжем тыным таппайды,
Ерте тұрып,
Жай жатып.

Таңды жеке қарсы алып,
Бие байлап,
Мал сауып,
Құрт жаяды өреге,
Жұрт соратын тамсанып.

Терши жүріп маңдайы,
Ертеңге азық қамдайды.
Жатыр қойдың қарнында,
Тоңазытқан сарымайы.

Өзі қолға алғанда,
Әжемнен іс қалған ба?
Ірімшікке айналар
Ашып кеткен
Айран да.

Әжем әлі қуатты,
Сары жайлауда шуақты.
Шығаратын жеңсік ас
Шағын зауыт сияқты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері