Білемін сіздер өшсіздер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Білемін сіздер өшсіздер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1230
Білемін сіздер өшсіздер,
Қан жоса болып үзіліп кеткен
Қаддафименен ыржақтап
суретке түскен ессіздер.
Ессіздер мынау ғаламды
жайлап барады талқандап,
Бораған оқтың астында
қорғансыз ару қалқам қап.
Ессіздің бірі шыныдан шығып кетердей
ары да бері талтаңдап,
Өлген патшаны жүгірді
аспақшы болып арқанды ап.
Есіме түсті-ау сол сәтте
баяғы Саддам Хусейін,
арқанды салған мойнына,
Қара жер менен қанішер қанға тойды ма?
Түршіктіргендей денемді,
Ливиядағы бүгінгі ессіз той мына.
Экрандардан қан шашқан...
сұмдық, кім күткен,
Дүние мынау төңкерістерден дүрліккен,
Үмітін үзіп қарап тұр бала тірліктен.
Атыс-шабыстан мына әскерлер де сүрліккен.
Алаулап атар ақ таң мен
жарқырап шығар күн күткен.
...Түсіме кірді ақ әжем түнде
пештің түбінде жүн түткен.
Ақ әжем қайран аруағың желеп-жебеген,
Торыққан кезде демеген.
Түсіме кірді-ау шіркіндер,
Жылап ояндым,
тағы да тағы бір күн бер.
Айжамал ана аяулы,
Көңілі бәлкім қаяулы.
Жаза алмай асау жырымды,
Тағы да көзім ілінді.
Түсім бе мынау өңім бе,
Мазаңды алдым ба сенің де.
Ары да бері ауған ел,
Қос-қостап бие сауған ел.
Әлішер досым,
жан-жүрегімізді ауыртты-ау,
Өзбекке сіңіп
біржола Жиделібайсын,
Жаңажол жақта қалған ел.
Бозақтай мынау
топырақ басқан мұңлы да,
шерлі қаласын,
Қазақтың анау
шетелге кеше
сатылып кеткен баласын.
Шалдардың қайтем
жатжұртта жылап
мәңгіге қалған моласын,
Созақтың сонау
Қаратау асқан
Бабайқорғандай саласын,
...Жиделібайсын,
Майдамталдайын даласын,
А, анау Ташкеннің түбіндегі
Қауыншыдайын қаласын,
Есіңе түбі аласың!
Беу, он сегіз мың
ғаламат ғалам қайтейін,
Жаза алмай жанның жарасын
Жанарға сыймай,
қимай да қимай барасың
Қамшыменен маңдайдан
жібергендейін тартып кеп,
Қадекең менен
Тұмағаңдардан артық па ек,
Бізден де ертең қаласың,
Түк көрмегендей боласың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білемін сіздер өшсіздер өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Білемін сіздер өшсіздер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білемін сіздер өшсіздер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білемін сіздер өшсіздер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері