Көп қалған бұл көңіл көнерген – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Көп қалған бұл көңіл көнерген» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1123
Правосудья и правды я вовсе не вижу в тебе
Низами

Көп қалған бұл көңіл көнерген,
Барақат таба алмай өнерден.
Сөзіне құлақ сал, қалқам-ау,
Ақынның артынан сөз ерген.
Кеткенмін ертерек ауылдан,
Қимаған бірге өскен қауымнан.
Жарықтық осынау өлеңмен,
Қаршадай кезімнен ауырғам.
Досым деп жүріппін есекті,
Білетін тиімді есепті.
Апырай не жаздым, есіттім,
Түсіме кірмеген өсекті.
Алдымды, артымды орайды,
Өзіне болған соң қолайлы.
Қай жерге барсам да бұл күнде,
Өсектер лаулайды, борайды.
Сырым жоқ жасырған халқымнан,
Айналған ғұрпыңнан, салтыңнан.
Ақкөңіл бозбала ем, кім болдым,
Сөз ерді неліктен артымнан.
Көкейде сақталып қалған сыр,
Кірпияз, қияли талғамшыл.
Осылай артымнан сөз ерді,
Бала едім о, баста-ақ арманшыл.
Ел қазір жиғандай естерін,
Білмейтін кез емес не істерін.
Кетемін еліме, жеріме,
Сағындым самалды кештерін.
Шарасыз сұмдықтан шаршадым,
Жазықсыз арқалап қанша мұң.
Емдейді сылдыры бұлақтың,
Емдейді иісі аршаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп қалған бұл көңіл көнерген өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Көп қалған бұл көңіл көнерген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп қалған бұл көңіл көнерген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп қалған бұл көңіл көнерген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері