Өлең, жыр, ақындар

Қошалақ

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын, өзіңмін:
тұла бойым тұтас құйған төзіммін!

Сен секілді мен де күнге күйіппін,
сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді аласамын тап-тайпақ,
Сен секілді, таласамын — биікпін!

Уа, туған жер, сенде шың да, көл де жоқ,
ойым да жоқ сені өлеңмен "өңдемек".
Дәл өзіндей қарапайым болам мен,
дәл өзіндей!
Маған, сірә, сол керек!



Пікірлер (2)

Кенже

Жазушының өлеңдері қатты ұнайды, менің сүйіп оқитын жазушыларымның бірі

Руся

Жұмекен Нәжімеденовтің «Қошалақ» өлеңі туған жерге деген өте нәзік махаббат пен сағыныш сезімін жеткізеді. Ақын құм‑шағылдан өсіп шыққан туған топыраққа қарап, жүрегіндегі сезімді поэтикалық тілмен көркем баяндайды, бұл оқырманға табиғат пен туған жердің құндылығын сезіндіреді.

Пікір қалдырыңыз

Баған

  • 0
  • 0

Анам мені тәй тұрғызып о баста
сүйеп еді жуан баған-ағашқа.
Сонсоң сырттай бақылады, кетпеді,
қыпың қақты "құлап қалар" деп мені.

Толық

Алатау ақ кеуде, ай-құлып

  • 0
  • 0

Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.

Толық

Оңашада

  • 0
  • 0

Жалғызбын, кетті үй ысып,
Кеудемді ойлар кернейді.
Ақыл мен сезім сүйісіп
Жүрекке маза бермейді.

Толық