Ұзармыз біз қос нүктеге айналып – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ұзармыз біз қос нүктеге айналып» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1366
Ұға алмасам жүрегіңнің жарасын,
Сезім менен махаббаттың арасын.
Шатастырып алған болсақ нетерміз,
Екі жаққа бөлек-бөлек кетерміз.
Қоштасалық қимай тұрып, қия алмай,
Қоштасалық мына жұрттан ұялмай.
Қимас сәттер осы жерде қаласың,
Қия жолдар қиырға алып барасың,
Екеумізден қалсыншы бір естелік,
Кезекшідей кеткен түнде тексеріп.
Қоңыр кеште ақ самал боп есілсем,
Еркелетпей, өкпелетсем кешір сен.
Ұзармыз біз, тағдыр кетер қайда алып,
Бірте-бірте қос нүктеге айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұзармыз біз қос нүктеге айналып өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ұзармыз біз қос нүктеге айналып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұзармыз біз қос нүктеге айналып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұзармыз біз қос нүктеге айналып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері