Біздің ауыл – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Біздің ауыл» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1511
Ана өзекке жоғалады сай барып,
Қасқырлары көкке қарап ұлыған.
Байлығы үшiн кiсенделiп, айдалып,
Мырзалары итжеккенге құрыған.
Бiздiң ауыл тарихы бар қатпарлы,
Йасауидiң көк күмбезi көрiнген.
Итжеккеннен келген хаттар сақталды,
Айналдым мен қасiреттi елiмнен.
Бабайқорған Майдамталға ұласқан,
Анау жатыр ата-баба кезеңi.
Теңбiл-теңбiл бұлтты аспан, бiр аспан,
Ағып жатыр Қарашықтың өзенi.
Қасиеттi асыл сезiм бауыр бұл,
Бiр-бiрiне ғайбат сөздер айтпаған.
Бiздiң ауыл қасiреттi ауыл бұл,
Мырзалары итжеккеннен қайтпаған.
«Алтын аймақ»... айтпаған ғой деп бекер,
Сағынғанда елге кеткiм келедi.
Сен аман бол, талай ұрпақ кеп-кетер,
Мұңлы-мұңлы ән мен жырдың мекенi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауыл өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері