Өлтірмек болды – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өлтірмек болды» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2252
Таң атты ала сәулелі,
Бұлттардың бояп ақ жүзін.
Өлтірмек болды жау мені -
Бір атаның жалғызын.
Өлтірмек болды ұлымды
Дүниеге әлі келмеген.
Өлтірмек болды жырымды
Линотипистер термеген.
Аңсайтын адал жүрекпен
Күнде атап менің атымды,
Өлтірмек болды бір оқпен
Ағайын-туған, жақынды.
Өлтірмек болды арманды,
Өзенді жасыл жиекті.
Өлтірмек болды соларды
Сүйетін мына жүректі.
Өлтірмек болып арманды,
Жау атты көздеп сығалап.
Ормандар мені қорғады,
Көлденең оққа тұра қап.
Тілегі жаудың болған жоқ
Тосқан бір талай тораптан.
Болашақ күндер қорған боп,
Сақтады мені сол оқтан.
Қаққан да шығар шүйілген
Оқтарды менің төбемнен -
Тумаған сол кез ұлым мен
Қазіргі сәби немерем.
***
Босады ауыр қамытынан
Тачанкада шапқан аттар.
Ұңғысына дәрі тұнған
Төрге ілінді автоматтар.
Соғыс енді шарламайды
Жолсызбенен түнде жортып.
Зеңбіректер сарнамайды;
Кірмейді аңдар інге қорқып.
Ұйытқымайды жел борасын,
Жанбайды отқа гүл сабағы.
Жасырғандай жер жарасын
Волховтың көк шыршалары.
Соғыс ізін табасың тек
Тас жамылған төбелерден.
Соғыс ізін табасың тек
Жарақатты денелерден.
***
Волховта жатыр ми болып,
Баяғы батпақ сіресіп.
Төсіне бірақ үй қонып,
Тербелген қызыл гүл өсіп.
Соғыстан қалған селдіреп.
Әр жерде жалғыз қададай,
Шашағы тудай желбіреп
Өсіпті ну боп қарағай.
Не жетсін бейбіт өмірге
Сақтаған адам тірлігін.
Баяғы майдан шебінде
Балалар ойнап жүр бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлтірмек болды өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өлтірмек болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлтірмек болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлтірмек болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері