Ескі мұң – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ескі мұң» атты Қасымхан Бегманов жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1671
Бүгiн тағы мазалады ескi мұң,
Ескi мұңнан ескi әуендер естiдiм.
Асау жылдар алдарқатты, алдыңда,
Айыбым мен күнәм болса кеш гүлiм.
Кешiр гүлiм, қоңыр кеште еске алған,
Күндiз-түнi көкейiмдi тестi арман.
Есiң болса есiңе алма бейбақты,
Ерте туып көп нәрседен кеш қалған.
Ескi мұңым, мөлдiр бастау, мөлдiр мұң,
Менi тағы дегенiңе көндiрдiң.
Нарық заңы жағамнан ап тұр қазiр,
Оңаша қап сырласайық кел бiр күн.
Ескi мұңым, ескi мола, ескi ауыл,
Көрдiм, сездiм күндi бастан кештi ауыр.
Мен ортаңда бола алмадым талай жыл,
Ұмытқам жоқ кеш құба бел, кеш бауыр.
Атам өткен, анам өткен дала бұл,
Бейiттi орай құлпырады лала гүл.
Аяулым-ау, мұңым ескi болғанмен,
Дүниеге келдi ойлы жаңа жыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі мұң өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ескі мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ескі мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері