Сен мәңгі тірісің
Бұл бетте «Сен мәңгі тірісің» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үн-түнсіз көтеріп өткенді-кеткенді,
Бағзыдан бүгінге ол жеткен-ді.
Көз алдым тұнады мың елес,
Батырлар- Ақтонды, Көктонды.
Сұрапыл күнде сол көк төнді.
Жастыққа зар заман дөп келді.
Жау қарап тұрғандай төбеден
Шоласың өңірді, Көктонды.
...Азапты сан күйді шекпе енді.
Атасы, баласы текке өлді.
«Батырлар бейіті» дейді ел,
Сен мәңгі тірісің, Ақтонды, Көктонды!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі