О дүниеге менен бұрын өткендер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «О дүниеге менен бұрын өткендер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1302
О дүниеге менен бұрын өткендер,
Көздiң жасын өксiп-өксiп төккендер.
Есте бар ма беткейлер мен өткелдер,
Сонау жылғы жайма-шуақ көктемдер.
Қарғыс қурап, көгередi алғыстар,
Жат сүйсiнер, кейiнгi ұрпақ салт ұстар.
Жердiң асты ұйқы болса мәңгiлiк,
Жердiң үстi айқастар мен тартыстар.
Халқым аман, жоқ қой мендей бай адам,
Жемесек те күнде жал мен жаядан.
Адам түгiл, сенер болсаң тiрлiкте,
Жер бетiне шыққан гүлдi аяғам.
Ойларымның жоқ қалтарыс, бүкпесi,
Талайлардың дүние қуып шықты есi.
Жердiң асты алуан түрлi жолдардың,
Қиылысатын, сыйысатын нүктесi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О дүниеге менен бұрын өткендер өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

О дүниеге менен бұрын өткендер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О дүниеге менен бұрын өткендер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О дүниеге менен бұрын өткендер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері