Украина
Бұл бетте «Украина» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Украина ой-қырыңнан
Қуанышты ән құйылған,
Қырлығыңның құнарынан
Уызды алтын дән құйылған.
Көк майсалы жерін көрдім,
Өрін өрлей дәні өнген,
Шалқып жатқан Днепрдің
Уыздайын суын емген.
Сенің сұлу аспаныңды
Бір кездегі басқан бұлт,
Сәулелі алтын күн шыққанда,
Айдай батып қашқан бұлыт.
Бұрынғы өткен зарлы өмірде
Есіткемін зарлы әніңді,
Бүгінгі алтын заңды өмірде
Көрдім сұлу сәнді әніңді.
Елі шаттық әнге басқан,
Гүлге оранған ер де, жер де
Әппақ күміс көбік шашқан
Әнге басқан Днепр де,
1937
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі