Өлең, жыр, ақындар

Қойлыбайдың қобызы

  • kz2015
  • 26.06.2015
  • 1
  • 24
  • 67362
Ертеде ел бар екен калын Найман,
Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.

Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.
Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап,
Қақаман жалғыз көзді жынның ері,

Ерегіссе тау-тасқа салған ойран.
Дарқанның Нәдір пері - аға жыны,
Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған.
Көйлекеңнің үшінші жан жолдасы —

Шайтанның шу асауы батыр Шайлан.
Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан,
Жынменен жолдас болған бала жастан.
Азырақ әңгіме үшін сөз қозғайын

Қалың Найман жиылған бір зор астан.
Бір асқа жиылыпты Найман тамам,
Бай, биі, батырлары балпаң басқан.
Ішінде сол жиынның Барақ та бар

Аузынан арыстандай жалын шашқан.
Бәйгеге екі жүздей ат жіберіп,
Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:

«Бәйгеге қобызың қос», — деп сұрасқан.
Қалқасы қалың Найман қалаған соң,
Қойлыбайың бәйгеге қобыз қосқан.
Найманның ұлы дүбір сол асында,

Әлеумет алқа-қотан дөң басында.
Айнала ығай-сығай, жақсы-жайсаң,
Қойлыбай қобызымен ортасында.
Бас болып батыр Барақ қалаған соң,

Бәйгеге бақсы қобыз қоспасын ба?!
Қойлыбай сонда айтады шақырып ап
Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына:
«Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар

Жарып өскен жапанның жартасына.
Қобызды сексеуілге байлап таста,
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма».
Қалың Найман бәйгеге қобыз қосып,

Шуласып отырысты дөң басында.
Бір кезде ат келетін мезгіл жетті,
Бозбала ат алдынан шауып кетті.
Сол уакыт жай отырған Қойлыбайды

Аруақ қалшылдатып, дірілдетті.
Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп,
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Көздері қып-қызыл боп қанға толып,

Сарыны сар даланы күңірентті.
Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып,
Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.
Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып,

Қызыл жел құйындатып дүрілдетті.
Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап,
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.
Осылай ойнап, сарнап бақсы жатты,

Қалжырады, қап-қара терге батты.
Сол кезде ат келетін құба жонды
Түгіндей будақ-будақ бір шаң жапты.
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл

Ербеңдеп ойнақ салып келе жатты.
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек,
Сабалап қырды жол ғып жаралапты.
Байланған сексеуілге қобыз берік

Көз ашқанша жиынға келіп қапты.
Сексеуілдің қопарып алып келіп,
Қақаман жұбатады ерке қартты.
Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты,
Қалың ел тамашадан тас боп қатты...



Пікірлер (24)

Аминка

Өте керемет маған қатты ұнады!!!

Берди

Өте жақсы жазылған Мағжан ағамыздың өлеңі

Бека

Рахмет осынын аркасында 5 алдм жаксы поэма

Айко

Тамаша!!!

бека

Өте жақсы

Дархан

Керемет

Самғар

Маған ұнады керемет

Самғар

Өте керемет

Нұрымова Қарлығаш

Мен іздеген өлеңімді таптым.Өте керемет жазылған екен.Оқығаныма қуаныштымын!!

Жанель

Тамашаааа

Алишка

Магынасын тусиндирип бериндерш

Ailin

МАҒАНДА МАҒЫНАСЫН ТҮСІНДІРІП беріндерші а то түсінбедім

Қазыбек

жақсы жазылған

Асел

Толык нускасы осы ма

Бауыржан

Өте керемет өлең

Бегайым

Басқа өлендерге ұқсамайды тақырыбы ерекше бір-ақ сөздері ауыс ұйқаста қатты ұйқаса қоймаған жаттауға қиынырақ екен....

Назерке

Өте керемет өлең екен
маған ұнады

Арсен

Ай шіркін тамаша

Али

Тамаша тамаша

Makosya

Keremet olen

Айжан

Менің бабам қасиетті Қойлыбай

Әбдіғаппар Айдаров.

,,Қойлыбайдың қобызы" ақынның керемет шығармасы.
Егер кітабындағы жазылуымен түсіргендеріңізде оқылуға да өте жақсы болар еді. Өкініштісі әр шумақтың бірінші қатарын алдыңғы шумақтың соңына апарып қоя бергенсіздер.
Шумаққа дұрыс бөлінбеген.

Пікір қалдырыңыз

Айға

  • 0
  • 0

Күн батып, қараңғылық қанат жайды,
Аспанда сансыз жұлдыз жарқырайды.
Отырған қараңғы үйдің терезесінен
Көремін мұңды, нұрлы толған Айды.

Толық

Қызыл жалау

  • 1
  • 4

-Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,

Толық

Ақсақ Темір сөзі

  • 1
  • 1

«Жиһан деген нe нәрсе?-
Алақанның ауданы!
Бір ауданда көй Тәңірі
Болудың тіпті жоқ сәні.

Толық

Қарап көріңіз