Ақсақ Темір сөзі
Бұл бетте «Ақсақ Темір сөзі» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 2
- 40450
«Жиһан деген нe нәрсе?-
Алақанның ауданы!
Бір ауданда көй Тәңірі
Болудың тіпті жоқ сәні.
Тәңірі - көктің Тәңірісі
Күңіренсін, көгін билесін!
Жер Тәңірісі Темірмін,
Жеріме Тәңірі тимесін!»
Көк Тәңірісі - Тәңірінің
Тұқымы жоқ, заты жоқ.
Жер Тәңірісі Темірдің
Тұқымы - түрік, заты - от!
Керемет рахмет
Өте керемет жаттау