Өлең, жыр, ақындар

«Бауырдың орны тым бөлек...»

Келгенде сәби іңгәлап,
Бес күндік мына фәниге.
Періште сынды таза, пәк,
Құмартып өсер әлдиге.

Бозбала өсіп ер жетеді,
Қатарын тауып оң-солын.
Шын өмірмен беттеседі,
Сол кезде табар өз жолын.

Достарың болса әрдайым,
Табылар әркез жаныңнан.
Болмайды сонда еш уайым,
Мың алғыс досқа барыңнан.

Менің де бар жан достарым,
Мені алға қарай сүйрейтін.
Ендеше сөзді мен саптадым,
Көпшілік қауым біле бермейтін.

Бір досым бар бірге туған,
Кішкентайдан бірге өскен.
Кезінде талай біз қуған,
Бала едік ешті білместен.

Бір досым бар сыныптасым,
Мектепте бірге оқыған.
Көргенде маған иіп басын,
Амандық сұрап жолыққан.

Бір досым бар ауылдасым,
Шет кетсем мені іздейтін.
Жүрегің сенің ауырмасын-
Деп оған жиі сөздеймін.

Бір досым бар жаны жайсаң,
Ешкімге артпас өз өкпесін.
Сабыр сақтап, ақыл айтқан,
Талай рет болған көпке есім.

Бір досым бар өзі жомарт,
Болмаса дағы ақшасы.
Әрқашан да жүрер қолдап,
Жақсылық үшін баршасын.

Бір досым бар қолы алтын,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өзіне сай тауып бақытын,
Болса екен талай үбірлі.

Бір досым бар орны бөлек,
Ешкімге тең келмейтін.
Қай кезде де берер көмек,
Шауып келіп желдейін.

Бір досым бар иман жүзді,
Өтірік, өсек жек көрер.
Мешітке кеп жиған бізді.
Жұмақта болар көрші дер.

Бір досым бар сағынатын,
Бөліскен талай қызықты.
Естеліктей сағым атың,
Келмеске кетті-ау шыжығы.

Бір досым бар сыр айтатын,
Оңаша қалып біз екеуіміз.
Түсінеді ол сөз майданын,
Сенемін оған еш бекемсіз.

Бір досым бар құрдасымдай,
Әзілдеп менімен ойнайтын.
Кей кездері ойға сыймай,
Қой десем де қоймайтын.

Бір досым бар інім дейтін,
Сөзімді жерге тастамас.
Жүрген жері бір күлкілі,
Көз түссе сынды Фантомас.

Бір досым бар өзге елден,
Жырақта қалған жападан.
Сыйласамын өзбек елмен,
Туыстық қалған атадан.

Бір досым бар Ресейде де,
Туысқанбыз біз бірақ.
Танымайды есейгенде,
Туған елден жүр жырақ.

Достық деген құт-береке,
Сыйластық сынды ұғым бар.
Бөлінбейді ұлтқа, елге,
Осынысын сендер ұғыңдар.

Мұның бәрі маған бауыр,
Қиналсам сұрар бір көмек.
Жаныма жақын болғаны ма?
Бауырдың орны тым бөлек...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз