Өлең, жыр, ақындар

Жарығым-ай!

Жарығым-ай!
Тұман торлап жүзіңді қалды ма-ай!
Деуші еді ғой: «Жалғыздың жары Құдай»,
Неге таси береді қаным ұдай?!

Жалт етеді бір үміт, тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп.
Қаным сыймай барады арнасына,
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Селдеткенде, екі өзен тасығанда,
Тал қармаймын, жағаға асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп, .
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?!

Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады, толқынды атып.
Бәрі келіп, тоғысып,
Жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

Соққанда кеп миымнын жарқабағын,
Бір минуттық тынымға зар боламын.
Менін жарық дүнием, шуағыңды
Ала кетсем деймін де, қарманамын...



Пікірлер (4)

Ажар

Күшті өлең

аружан

маган ұнады менін агамнын әкесі сол мұқағали мақатаев

Жаңыл

Өте керемет өлең

Алмас

Супер

Пікір қалдырыңыз

Құрмет хат

  • 1
  • 3

Советтік мына заманның
Саясында өскен адаммын.
Іргесіне ұлы қоғамның
Бір кірпіш болып қаландым.

Толық

Тоқта, ботам

  • 2
  • 8

Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын

Толық

Сағым боп аққан сан жылдар

  • 1
  • 2

Сағым боп аққан сан жылдар,
Сарпаңға мені салдыңдар.
Тағдырлас маған, тағдырлар,
Қай жаққа кетіп қалдыңдар?

Толық