Бұл бетте «Музыкалық аспаптар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Музыкалық аспаптар!
Көшеде, үйде, бар жерде
сөйлеңдер шалқып, асқақтап,
музыкалық аспаптар!
Сөйлеңдер, бұрқа, толғанып.
Бар ауыл, барлық қаладан
жатпастан босқа жан бағып,
сендердi қару-жарақтай
шығайық ендi қолға алып.
Тыңдасын, әлем, тыңдасын!
Әйтеуiр сендер арқылы,
сарқылған өзен қарлығып
қырқылған орман шуласын!
Тар қолтықтан оқ тиiп,
тыпырлап жатқан қан басып, –
шiренген сенiң шегiңнен
жаралы құстар зарласын!
Көзiмнен аққан жас болса
пердеңе сенiң тамшылар...
Бiлемiн сенiң бойыңда
оқтардың тажал зуылы,
қираған қала даусы бар.
Музыкалық аспаптар!
Ұмытып қауiп-қатердi,
жүрмеңдер босқа сайранда.
Табиғат, Адам үшiн деп
шығыңдар күрес, майданға,
музыкалық аспаптар!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі