Қайырлы болса қалған күн – Жұбан Молдағалиев

Бұл бетте «Қайырлы болса қалған күн» атты Жұбан Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3163
«Қаламға бүгін мүнәпас!
Жаз, – дейді досым – қысылмай.
Қиынға көз тік, құлақ ас,
Далаңның қыран құсындай».
Несіне мұның дау айтам,
Тура деу керек тураны.
Толғанып өтті талай таң
Тағы бір Уақыт туралы.
Әрине, бүкіл жаныммен
Құптаймын мүнәпастықты.
Жырлар ем қандай жалынмен,
Қайырып берсе жастықты!
Жастықтың отпен желіне
Қай жерде, қашан қанған кім?
Өгізі болып жегілем,
Қайырлы болса қалған күн.
Жүрем мен оны жүз қорып,
Келсін тек пісіп толғағы.
Сүймей-ақ қойсын қыз болып,
Кемпірімдей күтсе болғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайырлы болса қалған күн өлеңінің авторы кім?

Жұбан Молдағалиев — осы өлеңнің авторы.

Қайырлы болса қалған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайырлы болса қалған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұбан Молдағалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайырлы болса қалған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері