Дария жақтан көтерілгенде – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Дария жақтан көтерілгенде» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2761
Дария жақтан көтерілгенде ⠀
Қып-қызыл болып қалқан ай, ⠀
Өбісіп тұрар от еріндерде ⠀
Бар еді-ау бір күш, қалқам-ай. ⠀

Егілгем мен де сол шақта мұңды, ⠀
Сол шақта мұңды көңілмен. ⠀
Жұта бермеп пе ем моншақтарыңды, ⠀
Моншақтарыңды төгілген. ⠀

Жылама, сәулем, алаңдағанда ой, ⠀
Жаныма ем бол жаралы. ⠀
Жас төгу үшін жаралмаған ғой ⠀
Жас арулардың жанары.⠀

Сүйеді таңдар әуелі шыңды, ⠀
Жапырағын талдар үзбепті. ⠀
Сен айтқан әннің әуені сынды ⠀
Себездеп ақ нұр бізді өпті. ⠀

Сыйладым шуақ жанарларыңа, ⠀
Санасыз ойға сапы ұрдық. ⠀
Сұлулық та жоқ ғаламда мына, ⠀
Жоқ болса егер ақындық.⠀

Сыйладым шуақ жанарларыңа, ⠀
Тәк, кәні, соны жылу ғып. ⠀
Ақындық та жоқ ғаламда мына, ⠀
Жоқ болса егер сұлулық!⠀


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дария жақтан көтерілгенде өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Дария жақтан көтерілгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дария жақтан көтерілгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дария жақтан көтерілгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері