Өлкейек

Бұл бетте «Өлкейек» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арқаның бір өзені Өлкейектен
Даланың тентек желі көктей өткен.
Тұратын жағасында жалғыз терек
Тайынбас жас батырдай жекпе-жектен.

Жалықпай күткен жандай бір арманды,
Даланы жалғыз шолып келді ол мәңгі.
Алға ұзақ жыл үстінен аса қарап,
Сол терек шақырғандай нулы орманды.

Жаңа өмір кестесіндей жерге салған,
Келеді өсіп сонда бір жас орман.
Іске асты ұзақ жылдар шөгіп жатқан
Тарихтың өзіменен құрдас арман.

Түрдік те тер шығара біз білекті.
Аударып алып тастап құзды шеткі.
Суартып әр толқынға бір ағашты
Далаға сүйреп кеттік Өлкейекті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлкейек өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Өлкейек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлкейек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлкейек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері