Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1593
Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен,
Шолпан кеткен, ізінше Айман кеткен.
Біздің ауыл үстінен бұлт көшкен жоқ,
Сіздің ауыл үстінен бұлт көшкен жоқ,
Бұлтты кешіп Ай көшті. Қайран көктем.
Аспан толы суреттер... жалба бұлт,
Тастай қатып “бір қыз” тұр “нарға мініп”,
Нарға мінген сұлудан көзін алмай,
”Өліп” жатыр өтірік “шал” қағынып.
Ай батады, Ай деген – арман-үміт.
Тойланбады содан соң көп мерекем,
Қиырларды кезіппін текке бөтен.
Нуға қарай бұлт кешіп зулаған Ай,
Екеумізді неге ала кетпеді екен?
Күндер қайда , қайда сол есім кеткен,
Сұрағым да келмейді не үшін деп мен,
Сіздің ауыл үстінен бұлт көшеді,
Біздің ауыл үстінен бұлт көшеді.
Қозғалмайды Ай, бірақ. Есіл көктем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері