Мен жабықсам, сені ғана күтемін – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мен жабықсам, сені ғана күтемін» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1372
Тозаңда да ішкі қуат болады,
Тамшының да салмағы ауыр білгенге...
Көлеңке де күш көрсетер ол да әлі,
Жаның мұздап қоя берер бір демде.
Әжем жүнін, мен мұңымды түтемін,
Ол ұршығын, мен мұңымды иірем.
Мен жабықсам сені ғана күтемін,
Өлең жазып аққулардың биімен.
Тамшының да кешірмесін түсініп,
Тұманданып бара жатты көз алдым.
Бақ-бақ гүлін үрлеп қалып ұшырып
Қорқып кеттім жәбірінен тозаңның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен жабықсам, сені ғана күтемін өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Мен жабықсам, сені ғана күтемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен жабықсам, сені ғана күтемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен жабықсам, сені ғана күтемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері