Қызғаныш – Марина Цветаева

Бұл бетте «Қызғаныш» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2172
Өзгемен қалай тұрып жатырсыз –
Өмірі ұшып көрмеген?
Сіз қалай тұрмыс құрып жатырсыз
жағалауменен –
жерменен?

Қалды ма ұмыт қалқыған арал
Төсінде көктің тербеліп?
Қалды ма ұмыт сарқырамалар –
жарқырап ағар,
өң беріп?

Сіз қалай бірге тұрып жатырсыз
Әйелмен –
әнсіз, жай, жаман,
Ұрымен өмір сүріп жатырсыз
Тағымды менің жайлаған?

Халіңіз қалай, қарағым, анық –
Жайыңыз бәлкім жайлы шын?
Сорлының қалай сауабын алып,
Табасыз бабың
байғұсым?

«Жүзуден қажып,
Жерінген кемем.
Жетеді!
Жерде қаламын!»
Қалай тұрасыз көрінгенменен,
Артық көретін адамым!

Дәмді ме әлде пісірген асы –
Дастарқан үсті толы – кең?
Бақ қонғыш болған үшін бе басы –
Тұрасыз қалай сонымен?

Жат әйел жанын ұғасыз қалай
Өзіңізді алдап,
тер төгіп?
Және де бірге тұрасыз қалай
Ұяттан кетпей өртеніп?

Қалайсыз енді,
халіңіз қалай –
Әніңіз бар ма әлі де?
Жарасы кетпес жаныңыз қалай –
Шыдайсыз қалай бәріне?

Қалай тұрасыз
(бар сұрайтыным)
Базардан алған бөзбенен?
Алтыннан кейін,
жарқырайтұғын –
Бағасы төмен жезбенен?

Көңілдің –
арзан ермегі, жаңа
Таптыңыз ба әлде емін сіз?
Қалай тұрасыз
жердегі ғана
Жай әйелменен сезімсіз?

Бақыттымысыз?
Жауыр ма әлде
Жүректің түбі –
мұң өрген?
Жайыңыз мендей ауыр ма әлде –
Тұратын басқа біреумен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғаныш өлеңінің авторы кім?

Марина Цветаева — осы өлеңнің авторы.

Қызғаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марина Цветаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері