Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1531
Қос қарлығаш келді үйге жүзі мұңды.
Түн ортасы,
Әйелім тыжырынды.
Тыжырынба, қонақты күткін дедім,
Қонақпен ере келген «Қызырыңды».
Ерінесің дедім мен несіне шын?!
Бүгін ренжіп, ал ертең кешіресің,
Кырық күн бұрынырақ жібереді,
Сол үйге, сол қонақтың несібесін.
Қырым еттен ет кессек, қырып алып.
Бірі алдамшы тірліктің, бірі жалған.
Қонағыңа құшағың ашық болса,
Сені де, Аллаң күтер, күліп алдан.
Плитка тұр күйеуің қойып берген,
Шәйіңді бер мейманға, қойып келген.
Сол қазақтың ұлымын,
Дархан болсам,
Жалғыз қойын қонаққа сойып берген.
Әйелсің ғой сыналар ошағыңмен.
Қоса ағар деп айтады қосағыңмен.
Күнде келсін, тап мейлі түнде келсін,
Шын пейілмен қонақты тосамын мен.
Бір ғажапқа жүрегім сенетіндей.
Алла менің пейліме беретіндей.
Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем,
Сол қонағым «Қыдыр» боп келетіндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері