Бұл бетте «Алматыға көктем келді» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Алматыға көктем келді
Қуантады кімдерді
Табыла ма бұл көктемнен
Өткен шақтан бір белгі
Құстар танып келе ме ертіп
Сезімдерді үркіткен
Жапырақпен кеткен үміт
Орала ма бүршікпен
Жанның шөлін бұлт баса ма
Қара терге малшынған
Терек менмен санаса ма
Көкке қарай шаншылған
Өзен ақты, өмір өтті
Кімге жөнсіз бұлданам
Ажарының бір түйірін
Сыйлар ма екен гүл маған
Медеу жаққа кетер едім
Жүрек қатты тоңып тұр
Күннен шуақ дәметіп ем
Ол да екі ойлы болып тұр
Тауға қарар жасанып ап
Алманың дәу қаласы
Тағдырымнан қаталырақ
Мүсіндердің қарасы
Көктем ерте келгенменен
Сенен сәлем деп тұрмас
Алматының көшесінде
Саған арнап төктім жас
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі