Ызғарлы түн – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ызғарлы түн» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1041
Ерітпейді ау, жүректегі мұздарды.
Нұр-Сұлтанда,
Кеш,
Күн суық ызғарлы.
Жаным менің жалғыздықты сүйе ме?
Тән түршігер ызғарды?
Жүрегімді тілімдеген әр сұрақ,
Содан тыртық із қалды,
Неге бүгін қала түні ызғарлы?!
Күйін ұқтым Біржанның да, Ақанның.
Желмаямен желіп кетсем жаһанды.
Басымды иіп сұрасам да бермедің,
О махаббат,
Неге маған батаңды?
Жұртты жүрсің жетістіріп әлпештеп,
Жырлатасың маған неге жат әнді?
Өр тұлғалы қайсар жігіт едім ғой,
Бүгін сол ұл, жылауық жан атанды.
Кімге, неге қапа болдым, кектестім?
Ыза-ашумен арманыма жетпеспін.
Алтын басты бағаламай кетеді,
Есектері судан өтіп кеткесін.
Ол дүниенің бары егер рас болса,
Қыл көпірден қалай жаным өтпексің,
Бұл өмірде бақыт таппай жүрмін мен,
Нағыз өмір бар дейді ғой, көкте шын.
Барым осы, мең зең күйде жүрмін мен,
Өлеңіне артып қойып өкпесін,
Мені жұртым сөкпессің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ызғарлы түн өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ызғарлы түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ызғарлы түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ызғарлы түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері