Тіліңнен у тамшылар
Бұл бетте «Тіліңнен у тамшылар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспан асты ашықта,
Көзіңді сал қашыққа.
Қарауытса көкжиек,
Түн келеді, асықпа.
Күйбеңдеген тұрмыста,
Түн ұзарса, күн қысқа.
Көргенің көп болғанмен,
Көңілде жоқ бір нұсқа.
«Өгіз аттай желмейді,
Өткен қайта келмейді».
Тас санасаң, құм санап,
Заман ырық бермейді.
Тағдыр дәйім күшінде,
Қасарысқан пішінде.
Бірге өлгенің өзің де,
Арман өлсе ішіңде.
Айтсаң ғана зар шығар,
Тіліңнен у тамшылар.
Тән шыдаса шыдар-ау,
Қайтіп бірақ жан шыдар?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі