Өкініштің отына салып кетпей – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Өкініштің отына салып кетпей» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1739
Өкініштің отына салып кетпей,
Өзімменен ілестіріп алып кетпей.
Қалайша шыдап жүрмін таң қаламын.
Сол ұшқынның отына жанып кетпей?!
Болуым керек еді жақының бір.
Оған да жетпей жатыр ақылың бір.
Енді сені кім жақын тартар екен,
Аллам ғана қолдасын, ақырын жүр.
Жан табылар саған да, маған серік.
Уәдеге сен берік, мен де берік.
Тағы келіп жаны ашып айтар деймін,
Түсіңе, жол сілтейтін әкең келіп.
Екеуміз араласып екі тілде.
Сол күндер бұлбұл ұшты, есімің де.
Кеше алмаймын, қапамын мені түсін,
Болсаң да, лайық затың кешірімге.
Жансың ғой иттігің жоқ, жамандығың.
Сау бол жаным, керек қой амандығың.
Екеуміз екі бөлек кеттік неге?!
Жаныма қатты батты маған бүгін.
Балдардың қарамадық тағдырына.
Бағалай алмадық ау барды мына.
Кім біледі, сот емес, үміттімін,
Адам емес,
Алланың жарлығына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініштің отына салып кетпей өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Өкініштің отына салып кетпей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініштің отына салып кетпей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініштің отына салып кетпей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері