Тәуелсіздік – ел тұғыры! –
medcollege
Бұл бетте «Тәуелсіздік – ел тұғыры!» атты medcollege жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Тәуелсіздік еліміздің тұғыры,
Мәңгілікке жайнай берші күн нұры.
Азаттық пен біз биікке самғаған,
Ұлы елміз еркіндікті қалаған.
Талмас қанат, жас қырандай қалықтап,
Ұлан дала, кең байтағым шарықтап,
Қиын қыстау замандарды өткерген,
Ұрпағымыз сол халықтың қарыштап.
Ерлігі бар өшпес із боп қалатын,
Рысқұлбеков ағамыздай болатын.
26 жыл жүрегінде халықтың,
Сақталыпсың ерлігіңмен алып мұң.
Тәуелсіз ел - жас халықтың семсері!
Кемелденген биігі бар еңселі.
Елордасын құрметтеген жүрекпен,
Елім, жерім, Отаным деп гүл еккен.
Оңғарбекқызы Несібелі
Кеңес Одағының Батыры
Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе медициналық колледжінің студенті
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі