Түсін шырақ! Ұрыссыз үй болмайды – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Түсін шырақ! Ұрыссыз үй болмайды» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1110
Түн.
Тыныштық,
Демің қандай тым ыстық.
Неге біздер болмашыға ұрыстық.
Нәлетінің әуресі екен, білмедік.
Енді бүгін түсінуге тырыстық.
Таңың қайда, арайланып ататын?
Қайғысы да сол екен ғой бататын.
Жүрегінің емін таппай көп пенде,
Бөтелкені құшақтап ап жататын.
Кетпей ердің көңілдегі жарасы.
Әйелінің жетпей жатыр санасы,
Екеуінен туған ұрпақ жетімек,
Қам көңіл боп өсіп жатыр баласы.
Ашкөзденіп, қармағандай ауаны,
Бұл сұрақтың табылар ма жауабы.
Ұл ұяға, қыз қияға қонбаса,
Ата-анаға болмайды оның сауабы.
Тегі тайған заман болды тектінің.
Неге, неге ажырасу көп бүгін.
Қиналғанда қорған болар жарың жоқ,
Жалғыздықпен өтіп жатыр көп күнің.
Бүгін жаман,
Кеше неге ұнады?
Кеше күліп, бүгін неге жылады.
Шаңырақты шайқалтпауға тырысшы,
Ол да өтер,
Алла берген сынағы.
Нәлеті ма?
Оның бүгін жолын кес.
Арбайтын сол, көздеріңе көрінбес.
Ажырасқан әр пендесі Алланың,
Дейді екен ол, – «Меніменен көңілдес».
Түсін шырақ, ұрыссыз үй болмайды.
Шайтан түртсе, періштелер қорғайды.
Ата анаға қарап өскен ұл-қызың,
Тағдырыңды қайталаса сол қайғы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсін шырақ! Ұрыссыз үй болмайды өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Түсін шырақ! Ұрыссыз үй болмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсін шырақ! Ұрыссыз үй болмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсін шырақ! Ұрыссыз үй болмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері