Бұл бетте «Баба жұртында» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арызым бардай тағдырға,
Жетіп ем ұшып күн батпай.
Құлазып жатты алдымда,
Бабаның жұрты тіл қатпай.
Баяғы самал жел есті,
Баяғы бұлақ сылдырап.
Тереңге шөккен елесті
Тірілтер қайта кім бірақ?
Шыдайсың қалай мұңданбай,
Жүректі өксік қысқанда?
Аңырап жылап тұрғандай,
Қаңырап қалған қыстау да.
Сырғанап түсіп көзден жас,
Ұқсайсың жетім ботаға.
Қорымдар ғана қозғалмас,
Қарайған қоңыр жотада.
Болса да мәңгі жылжымас,
Қара жер тұрмас кетілмей.
Көненің ізі жым-жылас,
Су шайған құмның бетіндей.
Адамсыз жерде құн бар ма,
Түргенмен құлақ айнала.
Айналаң үнсіз тұрғанда,
Тұлдыр ғой өмір қайда да.
1988 ж.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі