Өзіңе бүгін жаным өкпеледім – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Өзіңе бүгін жаным өкпеледім» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1585
Өзіңе бүгін жаным өкпеледім,
Айыбым жоқ, күнәм да көп демедім.
Бар кінәні өзіңе артып қойып,
Өзіңді жаудай көріп сөккен едім.
Кездестік, келмей кеттің мәмілеге,
Ойың сенің байқаймын тағы неде?
Көңілімді қалдырдың амал қанша,
Сормаңдай сор тірліктің бағы неде?
Түспеген жан екенсің мейірің бір.
Тарлығы өкіндірді пейіліңнің.
Жолымды бөгеп келген ниетіңнің,
Сараладым салмағын, кейін білдім.
Қамын ойлап туыстың, жан-жағыңның.
Ұйқысыз өткіздім-ау таңдарымды.
«Қойыныңдағы қатынға сенбе» – деген,
Мен бүгін, қайрап жүрмін қанжарымды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері