Жырым оны атйпаса, кім айтады? – Марфуға Бектемірова

Бұл бетте «Жырым оны атйпаса, кім айтады?» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1913
Ақын деген лайық боп шын атыма,
Мен өзімнің сүйендім қуатыма.
Қолын бермек түгілі құз шетінде,
Біреулер дайын тұрды құлатуға.
Жалғыз болдым шатқалда, құздарда да,
Құлап жатты тайғанап құздан бала.
Асуларға осылай өрмеледім,
Құздарға да қарамай, мұздарға да.
Жалғыз болдым теңізде, жағада да,
Жәрдем берді, күш берді маған Алла.
Үнім ащы сондықтан, көл бетінде,
Жалғыз ұшқан ұқсадым шағалаға.
Жағалап жүре алмадым Жайықты да,
Сол үшін менің жаным айыпты ма?
Бой бермейтін ешкімге асау толқын,
Кемені де төңкерді, қайықты да.
Жырларымда жатады қайғы-зарым,
Мен айтпасам айтады ол мұның бәрін.
Қанша қайсар болса да қыран құстың,
Қауырсыны бір-бірлеп жұлынғанын.
Әлі күнге сыздайды жараларым,
Жаралы аңдай жер бетін араладым.
Жырым оны айтпаса кім айтады,
Аққу құсты құзғындар талағанын.
Мендей болар бірақ та бақытты адам,
Өлең, жырды сыйлады уақыт маған.
Ғасырдың тереңіне қазынаммен,
Сүңгуір қайықтай боп батып барам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырым оны атйпаса, кім айтады? өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Жырым оны атйпаса, кім айтады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырым оны атйпаса, кім айтады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырым оны атйпаса, кім айтады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері