Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Нөсер жауын

Бұл бетте «Нөсер жауын» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1679
Нөсер жауын себелеп, терезеңнен.
Бір өксігің байқалып кенезеңнен.
Ғашықтықтың бал дәмін сезбегендей,
Солғын тартқан ерінің, кенезерген.
Булыққандай өксікке ақ тамағың.
Ғажайыпқа сендің ау,
Қап, қарағым.
Қай тарихың жаныма жақын ау деп,
Күнделікті күрсініп ақтарамын.
Ия ия,
Сәт, мезет өмір жалған.
Жетектейді білемін, өмірді арман.
Өткеніңе өкінбе, ақ пен қара,
Күндер күтер әлі де, көңілді алдан.
Жайнай берші,
Жарығым, жаса жаным.
Сені маған жар еткен жасағаным.
Қиыншылық түбінде, бір қайыр бар,
Елеусіз қалмасы һақ жасағаның.
Жарқырашы,
Жайнашы,
Жаса жаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нөсер жауын өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Нөсер жауын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нөсер жауын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нөсер жауын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері