Су мен қу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Су мен қу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 1
  • 3051
Су бірде лепірді,
Көпірді:
– Бар ма екен шын мықты
Мына мен секілді?
Қаласам –
Өшірем
Лаулаған отыңды.
Қаласам –
Көшірем
Тауларды не түрлі.
Қуаңды жерлерге
Барам да ну болам.
Көкке ұшқым келгенде,
Табанда бу болам!...
Қу айтты:
– Суым,
Қолдағы туым,
Сен үшін тудым.
Сен де мен үшін тудың.
Талайдан бері
Менімен доссың.
Аямай сені,
Бәріне қостым:
Сүтім лезде сұйылып,
Сырам да көбейді.
Жазғандарым үйіліп,
Мұрам да көбейді.
«Сұрауы бар судың да»
Деген мақал, қайдасың?
Сені қосып қу мұнда,
Асырып жүр айласын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Зияклува Бану

Не бул

Осы автордың басқа өлеңдері