Жүйелеп шағып, жүйкеңді – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жүйелеп шағып, жүйкеңді» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1185
Жүйелеп шағып, жүйкеңді,
Жамандар, көңіл бұзады.
Көңілдің жайын таппастар,
Өмірдің сол ғой тұзағы.
Арпылдап жүрген пендеміз,
Шырт етсе сынар шыдамы,
Бекасыл деген бабаның,
Ағасының шырағы,
«Пошатай» деген Қаридің,
Немересі мен ғой, пырағы.
«Мәшһүрге» барған жолым бар,
Бабаның жолы ұнады,
«Бекасылды» іздеп келгені,
Тарих боп мәңгі тұрады,
«Зикзалды» жазып ұсынып,
Сол бабам неге жылады?!
«Мәшһүрдей бабам» тұрғанда,
Дүние шіркін тұрады.
Бабаларына бас иген,
Балаңның осы ұраны,
Көгіңде мәңгі шалқысын,
Көк туымдағы қыраным,
Басыңа барып оқыған,
Қабыл болсыншы «Құраным»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүйелеп шағып, жүйкеңді өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Жүйелеп шағып, жүйкеңді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүйелеп шағып, жүйкеңді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүйелеп шағып, жүйкеңді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері