Артық айтпа ақыным – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Артық айтпа ақыным» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1183
– Айлакер деп ойлаушы едім түлкіні.
Құлдық сана адастырған түркіні.
Династиялар елді солай билесін-
Деген сөзі бір ақынның күлкілі.
Біле білсең бүкіл қазақ жақының.
Артық айтпа, артық айтпа ақыным.
Қазағымды ер азамат билесін,
Бұра тарта бермейтіндей жақынын.
Жағымпаздық жайлап жатқан заманда,
Жол ашылған, адал құлап, арамға.
Алаштарым аңсап өткен нұр өмір,
Келеді әлі түйсік болса санаңда.
Жас ағып тұр,
Жасық па едің, көзіңнен.
Асау жырды күтіп едім өзіңнен.
Өсем десең,
Өшем десең өз еркің,
Құлауың мен тұруың да өзіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Артық айтпа ақыным өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Артық айтпа ақыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Артық айтпа ақыным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Артық айтпа ақыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері