Бұл бетте «Шерқанат - Күз» атты Айнұр Төлеу жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жылауық күздің көзінен,
Бу болып билеп ұшамын.
Мазасын алды жанымның,
Қайтқан құс салған құсалы үн.
Тырнайды көктің кеудесін,
Тізіліп алып шер-қанат.
Шер-қанат жақта жүрек бар,
Жете алмай жүрген мен қалап.
Бітпейтін биік!
Сол жүрек,
жұлдыздарыңа соғылды.
Солайша тағы жердегі,
Тартылыс күшін сағынды.
Сары күз – Сары жұлдыз ғой,
Сағынып мені тамған дүр.
Саған да опа берер ме,
Уақыты жүйрік жалған бұл?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі