Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1637
Жеңілсе құны қашып ұнайтының,
Не әдет ол жабылып сынайтының?
Алланың әміріне шараң бар ма,
Қайғылы хабар емес жылайтұғын.
Біреудің бағы шабар, ебі ме еді?
Жаңсақ пікір шаршатты тегі мені.
Өмірің де ақ-қара жолдан тұрар,
Біреу жеңер,
Ал біреу жеңіледі.
Ұланым ғой,
Бәрібір жаттан жүйрік.
Бабың да бола алмайды бақтан жүйрік.
Таразының оң солын пайымдамай,
Бұйрады дедің- ау батпан құйрық.
Бітерем деп осымен бір ісіңді,
Барды салып тіктің ау тігісіңді.
Жинаған қаражатың желге ұшты,
Теңге салған ыдыстың түбі сынды.
Орындалмай аһ ұрдың, діттегенің.
Оңай жолмен мол қаржы күткен едің.
Дүние боқ,
Бір құдай сақтағаны ай,
Дұрыс бопты басыңды тікпегенің.
Биік шыңда байқамай тау етегін.
Өмір жұмбақ,
Аллаға тәу етемін.
Шампан ішем- деп едің, әттеген ай,
Тақырға отырғызды тәуекелің.
Болса да түрткілеген сенім іште.
У қосқан су,
Сен оны сеніп ішпе.
Жеңіспен өмір сырын ұға алмайсың,
Өмірдің мәні жатыр жеңілісте.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері