Ұлт сарбаздарына – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ұлт сарбаздарына» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2325
Жаңғыртып сөздің салтын көнергеннің,
Көнені жаңартса екен өр өлеңім.
Көсемдер топ алдында сөз бастаса,
Қол бастайтын осы ғой өрендерім.
Төскейде мал баққан ел қауға салар,
Билерім бар екпінді дауға салар.
Қазіргінің айбынды батырлары,
Осы міне жігіттер жауға шабар.
Қиқулайды қамшылап намыстарын.
Апайтөс адуынды арыстарым.
Елім аман,
Заманым тыныш болсын,
Жаттығуың оң болсын, жарыстарың.
Екі елді бір-бірімен талас құрған,
Билерім табыстырған, жарастырған.
Ханафидің жолында жүрген елді,
Неге бүгін жат ағым адастырған?!
Қайран жұртым нәр алып шаттық нұрдан,
Қай кезде дәл осылай шаттық құрған.
Сыр бойына сарбазды жинап алып,
Төлеби дәл осылай жаттықтырған.
Улайды әр түрлі ойлар санаңды мың.
Әр қилы алмағайып заман бүгін.
Қауып төнсе сап түзер осы өрендер,
Елінің ойлайтұғын амандығын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлт сарбаздарына өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ұлт сарбаздарына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлт сарбаздарына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлт сарбаздарына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері