ӘКЕМЕ
Бұл бетте «ӘКЕМЕ» атты Жанелья Торалы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
ӘКЕМЕ
Асқарым бар, өте биік "әке" деген,
Кеше ғана, бала едім әкелеген.
Үлгі тұтар тұлғаң кім? - деп сұраса,
Ойланбастан, сол сәтте, "әке" дер ем.
"Әке" деген, көк аспан ғой сабырлы,
Сол мінезбен көркем, әрі қадірлі.
"Әке" деген, биік тұрар бәрінен,
Бұл шындықты мойындайды барлығы.
Адалдық пен сыйластыққа үйреткен,
Сыйлап өтер, әрбір пенде, жан біткен.
Биік пенен асқарларға жетелеп,
"Озса" - деді, не бір мықты жүйріктен.
Көз саламын, көздеріңе тұңғиық,
Жан екенсің, ойлағаннан тым биік.
Үлгі аламын, бір өзіңнен, әкешім,
Алғыс айтам, бір өзіңе бас иіп.
Жүрегімен, жүрегіме тым жақын екен,
Бай екен ғой, болмысы, алтын неткен,
Балалықпен көңіліңе қаяу салсам,
Айып етпе, балалық қой есі кеткен.
Тамашаа!
Керемет
Өте жақсы тамаша керемет жарайсыз
Өте керемет!
Керемееееееет!
КЕРЕМЕТ.
Оте керемет
Керемет, қызыма жаттаьқызып жатырмын
Керемет
Өлең керемет
Керемет, әдемі жазылған
Керемет!!!!
Өте керемет!
Жүрек жарды пікірлеріңізге көп рахмет, көңілім көтеріліп қалды. Сіздерге алла жар болсын, аман- есен болыңыздар!
Әдемі өлең!
04.02.2024 20:34
Өтеееее тамаша өлең екен маған ұнады
Өте тамаша, керемет өлең екен маған ұнады автор өте керемет шығарған
Өте жақсы өлең
Саламатсыз ба, Жанелья. Есімім Ақторғын. 87055388705 менің нөміріме хабарласып жібересіз бе.
Сіздің осы Әкеме өлеңіңізге ән шығарғам.
08.01.2025 16:36
Саламатсыз ба, Жанелья. Есімім Ақторғын. 87055388705 менің нөміріме хабарласып жібересіз бе.
Сіздің осы Әкеме өлеңіңізге ән шығарғам. Клипте шықты…
Акторғын, керемет, көп -көп рахмет! Хабарлассам бола ма?
Жанель айналайын карындасым! Сүйектен өтер өлең жолдары екен! Жарайсын Алла куат беріп қанатың шыңдала түссін!