Бұл бетте «Немеренің әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атамыз бар – «Дедушка»,
Әжеміз бар – «Бабушка».
Дейді мені: «Внугім»,
Түсінеді мұны кім?
Әлім деген атымды
«Алимок» деп шақырды
«Алимогім, Алимок, –
Дейді, – милый колобок».
Қазақ болып өздері,
Тек орысша сөздері.
Қашан қазақ боламын?
Кімге менің обалым?
«Дедушка» мен «Бабушка»
Басқаларға таныс па?
Атамыз бар – «Дедушка»,
Әжеміз бар – «Бабушка».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі