Жан дала – жәннат дала

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.10.2015
  • 0
  • 7
  • 22014
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.


Пікірлер (7)

СЕРИКБЕККЫЗЫ АКНИЕТ

Менин пикирим маган бул олениниз катты унады

Жомарт қызы

Сәлем маған бұл өленің өте ұнайды

акнур

Оте жаксы жазылган

Нұршат

Керемет өлең

нургали кырмызы

маган бул олен катты унады

нургали кырмызы

жаксы айттылган ой

Айым

Бул оленди негизы агы апаларымыз ойлап тапкан мен сондыктан мен осы оленди жаксы корем

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан дала – жәннат дала өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Жан дала – жәннат дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жан дала – жәннат дала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан дала – жәннат дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері