Алла маған беріп жүр ау берерін – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Алла маған беріп жүр ау берерін» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1331
Алла маған беріп жүр ау берерін,
Сол байлықпен өмір сүріп келемін.
Нағыз ерлер жыламайтын сияқты,
Ал мен болсам жылап қала беремін!
Жатсам дағы, жығылып та, құлап та,
Көнсем дағы сан сұраққа, сынаққа.
Көнсем дағы илеуі көп сынаққа.
Қардай аппақ жан пейілім, бірақ та.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері