Ырғыздық апаға арнау

Бұл бетте «Ырғыздық апаға арнау» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1427
Биді күтіп үйінде,
Бекті көрген.
Ырғызда бір апам бар көпті көрген.
Еңбегі мен білімін шыңдап өскен,
Бұл әженің тегі асыл, текті жерден.
Кейбіреудей жатсынып, баласынбай,
Жақсы көріп жүретін, баласындай.
Қаншама рет қолынан дәм татып ем,
Аңқылдап жүруші еді анашымдай.
Балғын едім,
Жас едім қылшылдаған.
Ерегеспей жауласпай тұрсын ба адам.
Шәйін беріп, ақырын сөз айтатын,
Жол сілтейтін ұғар деп, үнсіз маған.
Ұлық сөздер айтатын даналардан.
-Аулақ бол- деп- күйеден, жалалардан.
Ел басқарған әкім де, ақының да,
Туылады осындай аналардан!
Бұл отбасы осылай, берекелі.
Осы әжеміз ұстап тұр берекені.
Құттықтамау күнә ғой, ұлың үшін,
Біліп тұрып, бүгінгі мерекені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ырғыздық апаға арнау өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ырғыздық апаға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ырғыздық апаға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ырғыздық апаға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері