Өлең, жыр, ақындар

Батырларды жоқтауы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 0
  • 10383
Мырзатай өлерінде налып өлді,
Қылышын қия жауға салып өлді.
Өлсе де Мырзатайдың арманы жоқ,
Жастығын өлерінде алып өлді.
Мырзатай өлерінде өрлеп өлді.
Қылышын ит дұшпанға сермеп өлді.
Мырзатай кім-кімнен де батыр еді,
Тіріде жауға намыс бермеп еді.
Бұл жаудан жақсы да өлді, жаман да өлді,
Мырзатай, Дулатұлы Қабан да өлді.
Тигесін ажал оғы, амал бар ма,
Маңдайын еш аудармай, табанда өлді.
Жау шаптыкөрген жан көп көзіменен,
Ер өлді Бүркітәлі, Кежіменен.
Бір пенде алай-былай десек дағы,
Алладан ажал жетті кезіменен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батырларды жоқтауы өлеңінің авторы кім?

Абыл Тілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Батырларды жоқтауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Батырларды жоқтауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абыл Тілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батырларды жоқтауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері