Ақ мамық
- 0
- 0
Қол бұлғап кең даланың қалды аруы,
Өмірдің қандай жақсы жап-жарығы.
Даланы құшағына ап ақ қар жатыр,
Аспанның ақтарылған ақ мамығы.
Бұл бетте «Керек емес басқасы» атты Шоқан Ислам жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақтың алдан озған кең даласы,
Даланың жүйрік тұлпар мен баласы.
Қанша кең болса дағы сол далаға,
Абайдай қалай сыйған ел данасы?!
А, Құдай, бергеніңе шүкір деймін,
Ақынның жүрегінде бүкіл мейірім.
Жолаушы өзі қонып, түстенеді,
Келер бір қонағыма күтінбеймін.
Еске алып ғажайыптай өткенімді,
Аялап ұшырғандай көкке күнді,
Адасып қалғандай бір аққуымнан,
Мен іздеп кеттім сол бір көктемімді.
Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған
Тура жол, ал бір кейде адастырған.
Құс ұшып көгімізден, көктем келіп,
Іздерім шыға келді қар астынан.
Жаз өтіп бара жатыр жайлап басып,
Ағысы ұлы өзеннің қайнап тасып,
Қызғалдақ гүлдеріндей құлпырады,
Балдәурен жан-жағымда жайнап ғашық.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі