Өлең, жыр, ақындар

Ақ мамық

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1164
Қол бұлғап кең даланың қалды аруы,
Өмірдің қандай жақсы жап-жарығы.
Даланы құшағына ап ақ қар жатыр,
Аспанның ақтарылған ақ мамығы.
Жас жігіт абдырайды құшарында,
Аққулар әнін салған ұшарында.
Біз дағы дәурен кештік жастық шақта,
Ақ мамық сұлулардың құшағында.
Толқыған көлде еркін жүзгенімен,
Айдында аққу сынды қыз көріп ем.
Ақ мамық сұлулардың ыстығынан,
Қар түгіл, жүректегі мұз да еріген.
Қасықпен толтырасың бос кеңісті,
Қалайша жасырасың кешкен істі.
Ақ мамық аққулардың қауырсыны,
Ақ мамық аппақ қардан еске түсті.
Көретін нәзігі мен қаталын да,
Не болмас жастық шақтың сапарында.
Аппақ қар кең даланың көйлегіндей,
Жамыла салған жібек жатарында.
Жастықта жалғыз іздеп тапқан, гүлім,
Көктемнен қанатын ерте қаққан бұрын,
Ақ мамық аппақ қардан түстің еске,
Сен қайда жүр екенсің, ақ мамығым?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүние сенің жолыңда

  • 0
  • 0

Дүние сенің жолыңда,
Ереміз ілбіп соңында.
Бар тағдырың бір ғана,
Бір Алланың қолында.

Толық

Төсегіңнен қайта тұру – мықтылық

  • 0
  • 0

Төсегіңнен қайта тұру – мықтылық,
Жұмыр жермен келе жатам тік тұрып.
Көлеңкем де келе жатыр ербеңдеп,
Менің тірі екенімді ұқтырып.

Толық

Шөл даланың ұлымын

  • 0
  • 0

Шөл даланың ұлымын,
Шөл далада көп жүрдім.
Шөл даланың ұлымын,
Шөл даланы төр білдім.

Толық

Қарап көріңіз